14 қараша күні Қармақшы Аудандық емханада "Қант диабеті ауруымен дүниежүзілік қарсы күрес» күніне орай "Ашық есік күні" өтті.
Жыл сайын 14 қарашада Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аталып өтіледі. Бұл күнді Халықаралық диабет федерациясы ДДҰ-мен бірге 1991 жылы қант диабеті жағдайларының көбеюіне байланысты құрды.
Ашық есік күнінде денсаулық мектебіне келген тұрғындардың қандағы қант мөлшерін анықтап, глюкометрді қалай қолдану керектігі көрсетілді, дәрігерлерден кеңес алып, қант диабетінің алдын алу және асқынуы жайлы ақпараттық - танымдық материалдар таратылды.
Қант диабеті – ұйқы безі инсулинді жеткіліксіз өндіргенде немесе дене өзі өндірген инсулинді тиімді пайдалана алмаған кезде дамитын созылмалы ауру. Бұл көмірсулар алмасуының бұзылуымен, қандағы және зәрдегі глюкозаның жоғарылауымен, сондай-ақ басқа метаболикалық бұзылуларымен сипатталады.
Қант диабетімен ауыратын адамдардың көпшілігінде бастапқы уақытта ешқандай белгілер байқалмайды. Сондықтан медицина мамандары қант диабеті белгілерінің жалпы көріністеріне мұқият болуға шақырады: айқын шөлдеу; зәр шығарудың жоғарылауы; жиі аштық сезімі; бұлыңғыр көру; дене салмағының төмендеуі; тез шаршау және әлсіздік; терінің қабынып, зақымдануынан кейін емдеудің қиын жүргізілуі.
Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күнінің мақсаты - халықтың барлық топтарының аурудың белгілері, мүмкін болатын асқынулар және диспансерлеу мен профилактикалық медициналық тексеруден өту қажеттілігі туралы хабардар болуын арттыру.
#14ҚарашаҚантДиабетінеҚарсыКүресКүні
#ҚантДиабетініңАлдынАл
https://karmakshy-crb.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/397-ant-diabeti-auruymen-d-niezh-zilik-arsy-k-res-k-ni#sigFreeId95ffe9b5bb