Created: 23 Қараша 2021
1259

Мамандандырылған көмек бөлімшесі

Мамандандырылған көмек бөлімшесі қалалық емхананың бөлімшесі болып табылады. Бұл бөлімшеде «бейінді» маман дәрігерлер шоғырланған: кардиолог, эндокринолог, невропатолог, хирург, офтальмолог, ЛОР-дәрігерлері, инфекционист,  онколог, маммаграфия бар. Бөлімшенің меңгерушісі Жақсыбаев С.А., аға мейірбике Пиримжарова Г А.

Кардиолог кабинеті Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының көптеген түрлеріне жол бермеуге қатысты сәйкес алдын алу шараларын тағайындау, диагностикалау, емдеу. Кардиолог ауруды тікелей емдеумен қатар емделушілерді сауықтыру (қалпына келтіру) жұмыстарына жұмылдырылған. Дәрігер қарағаннан кейін қажетті зерттеулерді тағайындайды: қанның биохимиялық талдауы, қандағы қанттың талдауы, ЭКГ. Холтерлік мониторлау, жүрек УДЗ, жүктемелік сынама, көкірек рентгенографиясы.

Эндокринолог кабинеті Эндокриндік жүйе ауруларын емдеу және диагностикалау (қант диабеті, қалқаншабез аурулары, гипофиз, гипоталамус және т.б.).

Невропатолог кабинеті Жүйке жүйесі (жұлын, ми) қызметімен байланысты, сонымен қатар перифериялық нерв жүйесі ауруларын диагностикалау және одан әрі емдеу.

Хирург кабинеті Емхананың хирургия кабинетінің негізгі міндеттері хирургиялық аурулары бар барлық науқастарды диагностикалау және зерттеу үшін қабылдау және емдеуге жатқызуды қажет етпейтіндерді емдеу. Науқастарды консервативті және шұғыл әдістермен емдейді. Науқастардың көпшілігі таңу, дәрі құю және басқа ем-шараларды қабылдау үшін қайта барады. Емхананың хирургия кабинетінде әдетте науқастың жалпы жағдайын маңызды түрде бұзбайтын көлемі жағынан үлкен емес операция жасалады.

Инфекционист кабинеті Инфекционист тағайындаған талдаулар мен зерттеу: флораға посев пен сүртінді; ПЦР-диагностика; қанның биохимиялық талдауы, ішек және респираторлық ауруларға серологиялық диагностика; вирустық гепатитке қандағы маркерлерді анықтауға талдау; ИФА-қанның иммуноферменттік талдауы.

Маммаграфия кабинеті 

  • маммография (осы зерттеу аясында сүт безі рентген көмегімен зерттеледі);
  • сүт бездерін ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ);

Отоларинголог кабинеті Мұрын, тамақ, құлақ, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және жанында орналасқан анатомиялық салаларды зақымдайтын ауруларды зерттейді және емдейді. Сонымен қатар отоларинголог ЛОР ағзалар, патология мен деффектілерді, ауруларды диагностикалау және алдын алу жұмыстарымен айналысады.

Офтальмолог кабинеті Диагностикалау, тікелей көз сапасына қатысты емделушіге қажетті алдын алу шараларына сәйкес емдеу мен анықтау жұмыстарын таңдау. Окулист патологиялық жағдай-глаукоманы, торқабықтың ажырауы және катарактаны табу мақсатында көздің ішкі және сыртқы құрылысын зерттейді.
Окулист көз жарақаттанған жағдайда жедел көмек көрсетеді, мысалы, көзге бөтен зат түскен жағдайда.
Кабинетте көз ауруын емдеу және диагностикалау үшін қазіргі заманғы құрал-жабдық бар.

Стоматолог кабинеті  Тіс ,ауыз  іші ,жақ сүйектері мен бет аурулары оларды анықтау,олардан сақтану.