Created: 22 Қазан 2019
2205

Мақсат пен міндеттері

Мақсаты
Тіркелген тұлғаларға білікті және мамандандырылған медициналық жәрдем көрсету, аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайту, медициналық жәрдем көрсетудің тиімді жүйесін құру арқылы тіркелген тұлғалардың денсаулығын жақсарту.

Міндеті
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ауруханасы» РМК- тіркелген тұлғаларға медициналық көмектің кепілді көлемі шегінде жоғары білікті медициналық жәрдем және тұрғындарға ақылы медициналық жәрдем көрсететін бәсекеге қабілетті дербес  кәсіпорын.

Басым  бағыттары

1) Дәлелді медицинаның қағидаттарына негізделген медициналық қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес амбулаториялық-емханалық жәрдем көрсетудің профилактикалық бағытын жетілдіру.
3)  Мамандандыруды жетілдіру және жоғары мамандандырылған медициналық жәрдемді енгізу.
4) Медицина тәжірибесіне ақпаратық және инновациялық технологияларды енгізу және Аурухана әлеуетін кеңейту.
5) Жоғары санатты кадрлық әлеуетті қалыптастыру.
6) Материалдық-техникалық базаны жаңашалау және жақсарту.
7) Қаржылық саясат механизмдерін жетілдіру және шығындарды оңтайландыру.