Created: 23 Қараша 2021
1249

СӨСҚ кабинеті

«...Жұқпалы аурулардың алдын ал, АИТВ/ЖИТС-тен сақтан, салауатты өмір салтын ұстан, қауіпсіздік шараларын біл – жарақаттануларды болдырма !?!...»
19 қараша 2021 жылы, 10-00де, жұма күні – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Қызылорда темір жолы вокзалы қызметкерлері арасында «Мамандар кеңесі» айдарымен «...Жұқпалы аурулардың алдын ал, АИТВ/ЖИТС-тен сақтан, салауатты өмір салтын ұстан, қауіпсіздік шараларын біл – жарақаттануларды болдырма !?!...» тақырыбында сала мамандарының қатысуымен семинар - тренинг ұйымдастырылып өткізілді.


Семинар – тренингтің басты мақсаты: Түрлі жұқпалы аурулар мен жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанулардан сақтану туралы, ВАКЦИНАЦИЯНЫҢ маңыздылығы жөнінде тұсіндіру, короновирус, вирусты пневмония, қызылша, менингит, ЖРВИ мен тұмау, көкала, туберкулездей жұқпалы аурулардың алдын алуда салауатты өмір салтын ұстану шаралары арқылы өз денсаулықтарына ортақ ынтымақты жауапкершілікпен қарауына назарын аудару болды...

Семинар - тренингке: Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық – эпидемиялогиялық бақылау басқармасының бас мамандары , «Қармақшы аудандық аурухананың, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы, «Жұқпалы аурулардың алдын алу бағдарламаларының үйлестірушісі – Құлмырзаева Дариха.