Үйге шақыртуларға қызмет көрсету үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:
- пациентке өз бетінше МСАК ұйымдарына баруға мүмкіндік бермейтін жіті ауырсыну жағдайлары:
- дене қызуының 38 градус С-ден асуы;
- жай-күйінің айқын бұзылуы бар артериялық қысымның көтерілуі;
- қайта-қайта іштің өтуі;
- жүруді тежейтін омыртқаның және аяқ буындарының қатты ауырсынулары;
- бастың айналуы, жүректің қатты айнуы, құсу;
- пациенттің өз бетінше емханаға баруына мүмкіндік бермейтін созылмалы ауырсыну жағдайлары (онкологиялық аурулардың ауыр ағымы, (І - II топтағы) мүгедектік, сал ауруы, аяқ-қолдардың шала салдануы);
- айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті инфекциялық аурулар;
- пациенттің тасымалданбауы;
- МСАК ұйымдарының жұмыс уақытында жедел медициналық жәрдем станциясынан берілген шақыртуларға қызмет көрсету.
МСАК ұйымдарының медицина қызметкерінің пациенттің үйіне, оның ішінде аула (пәтер) аралау арқылы белсенді баруы:
- жіті аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде оның жағдайын, ауру ағымын қадағалау және қажетті зерттеп-қарауларды және (немесе) емдеуді уақытылы тағайындау (түзету) мақсатында;
- инфекциялық ауру індетінің пайда болу қаупі орын алғанда немесе инфекциялық аурумен ауыратын науқастар айқындалған жағдайда халықтың жеке тобының, олармен байланыс жасаған немесе инфекциялық ауруды жұқтыру күдігі бар адамдардың патронажы кезінде жүзеге асырылады.