Created: 23 Қараша 2021
1389

БМСК ұйымына азаматтарды тіркеу тәртібі

Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

  1. Осы Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 45-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.
  2. Осы Қағидалар бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
  3. Азаматтарды БМСК ұйымдарына тіркеу – БМСК ұйымдарының БМСК көрсету және азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде оны алу құқықтарын іске асыру бойынша міндеттемелерін тіркеу.

 

2. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына азаматтарды бекіту тәртібі

  1. БМСК ұйымдарына азаматтар мен оралмандарды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде дәрігерді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асырылады.
  2. Азамат және оралман БМСК ұйымының біреуіне ғана бекітіледі.
  3. Медициналық ұйымға бекітілу анықтамасы (бұдан әрі – бекіту анықтамасы азаматтың БМСК ұйымына бекітілгені туралы куәландыратын құжат болып табылады. Қағаз форматтағы бекіту анықтамасын медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді.
  4. БМСК ұйымына бекіту еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген өзге де құжат) негізінде БМСК ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта жүзеге асырылады.
  5. БМСК ұйымы бекітуді азаматтар өз еркімен жүгінген кезде жүзеге асырады.
  6. Денсаулық жағдайы бойынша БМСК ұйымына өздігінен келуге мүмкіндігі жоқ адамдарды бекіту БМСК ұйымдарында олардың жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.
  7. Азаматтар мен оралмандарды БМСК ұйымдарына бекіту бекітілген халық санының нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бекітілген халық санының нормативтері туралы ақпаратты денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға жеткізеді және БМСК ұйымдарында таныстыру үшін қолжетімді жерлерге орналастырады.
  8. БМСК ұйымдарына азаматтарды бекітуді өзгерту:
    • тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін және оқитын жері әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге өзгерген кезде; БМСК ұйымы қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда;
    • азамат дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдаған кезде жылына бір реттен жиі емес;
  9. Бекіту өзгерген жағдайда тіркелу талоны БМСК ұйымына қайтарылып, азатақа шығарылғаны жөнінде талон беріледі.
  10. Азаматтар БМСК ұйымына бекітуді еркін таңдаған кезде оларға осы ұйым мамандарының үйде қызмет көрсету мүмкіндігі алдын ала келісіледі және бекіту анықтамасында (талонында) көрсетіледі.
  11. БМСК ұйымы жылына бір рет денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына бекітілген халық туралы ақпарат ұсынады.

 

«Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 Қаулысы