Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының Қармақшы аудандық ауруханасы ШЖҚ КМК-ның Байқау кеңесінің мүшесі
Бекбергенова Әсия Мүсілімқызы
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))
Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының Жалағаш аудандық ауруханасы ШЖҚ КМК-ның бас дәрігері
(жұмыс орны, лауазымы, санаты/ место работы, должность, категория
Лауазымы |
«Жалағаш аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері |
||||
Бастап (айы,жылы) |
19.07.2016 ж. |
||||
Туған жылы (күні,айы, жылы) |
22 ақпан 1960 |
||||
Туған жері/ |
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы |
||||
Ұлты/ |
қазақ |
Білімі/ |
Жоғары |
||
Оқу орнын бітірген жылы оның атауы/ |
Алматы мемлекеттік медицина институты 1985 ж. |
||||
Мамандығы бойынша біліктілігін/ |
Дәрігер педиатр |
||||
Шетел тілдерін және ТМД халықтарының тілдерін білу/ |
Қазақша орысшы |
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы/ |
Жоқ |
||
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары/ |
Тәуелсіздік 25 жылдығына медаль, Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау ісінің үздігі төс белгісі. |
Депутатпа, Үкімет мүшесі ме/ |
Қармақшы ауданы маслихат депутаты |
П.ЕҢБЕК ЖОЛЫ
Датасы |
Қызметі, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жері |
|
Қабылданған |
Босатылған |
|
13.07.1977 |
01.06.1978 |
Қармақшы ауданы ПМК-83 құрылысшы, 1-разряд |
01.08.1985 |
05.08.1986 |
Қызылорда қалалық балалар поликлиникасының педиатр дәрігері интерн. |
01.11.1986 |
01.11.1996 |
Қармақшы аудандық ауруханасының дәрігер педиатр. |
01.11.1996 |
21.08.2003 |
Қармақшы аудандық ауруханасының балалар бөлімшесінің меңгерушісі. |
21.08.2003 |
24.02.2012 |
Қармақшы аудандық ауруханасының бас дәрігердің балалар мен аналар жөніндегі орынбасары. |
30.02.2012 |
19.07.2016 |
Қармақшы аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері. |
19.07.2016 |
Осы кезге дейін |
«Жалағаш аудандық ауруханасы» бас дәрігер. |
Байқау кеңесінің мүшелері
Буханов Дастан Абдибекович 1978 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құқық және экономика негіздері мамандығы, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Д. Буханов еңбек жолын 2002 жылдың наурызынан бастап Қармақшы ауданы, қыстақ әкімінің маманы, 2003-2006 жылдар аралығында Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру –бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы. 2007-2009 жылдар аралығында аудан әкімінің көмекшісі. 02.02.2009-28.04.2009 жылдар аралығында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру –инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің жетекшісі. 2009-2011 жылдар аралығында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы.
2011-2013 жылдар аралығында Қармақшы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің жетекшісі.
2013-2015 жылдар аралығында Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы. 2015-2017 жылдар аралығында Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы. 2015-2017 жылдар аралығында Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы. 2017 жылдың мамыр айынан бастап «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін абыроймен атқарып келеді.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына белсене атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасының алғыс хатымен марапатталды.
2005 жылы «Жыл үздігі-2005» қорытындысымен аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысы дипломымен марапатталды.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісі сайлауына белсене атсалысқаны үшін Қызылорда облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісі сайлауына белсене атсалысқаны үшін Қызылорда облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Үлгілі отбасы 2 бала тәрбиелеп отыр.
2005 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Раева Күлжауһар Төлегенқызы 1957 жылы туылған, білімі жоғары, ұлты қазақ, отбасылы 2 бала тәрбиелеп отыр. «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
Алматы қаласындағы Қазақтың Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтын тарих және педагогика факультетін бітірген. Ол Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі №105 мектептің тарих пәнінің мұғалімі, мектеп директорының орынбасары қызметінде болып, өзін ізденімпаз мұғалім, іскер басшы, ретінде жан-жақты көрсете білді. Білім біліктілігі мен тәжірибесі мол Раева Күлжауһар №105 және №27 мектептерде ұзақ жылдар директор болып, білім беру ұйымын басқарды. Ол басшылық жасаған жылдары мектеп ұжымы аудан бойынша білім сапасы жағынан алдыңғы қатардағы орындарда болды.
Жан-жақты қабілет қарымы, саяси көзқарасы, қоғамдық белсенділігі оның партия жұмысында сауаттылық пен жұмыс атқаруына адамдардың әр түрлі деңгейі мен қарым қатынаста кез-келген істі байсалды да байыптылық пен шешуде икемділік танытуына септігін тигізді.
Елбасымыздың сара саясатының негізгі бағыттарын кеңінен насихаттап, партияның идеологиялық жұмысын жандандыруға, ауданның экономикалық әлеуметтік дамуына жастардың бойында мемлекеттік тілдің, ұлттық рухтың қалыптасуына байланысты істерге ұйытқы болуда үлкен парасаттылықпен жан-жақты нәтижелі істер тындырып жүр.
Қазақстан Республикасы Президентін сайлау шараларына белсенді араласып, Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың кадидатурасын қолдаған.
Ол басқарған партия филиалына қарасты бастауыш ұйымдар, партия құжаттамаларын талапқа сай жүргізіп, түрлі саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктер мен депутаттық фракция мен Жарғылық деңгейде байыпты қарым-қатынас орнатқан. Мемлекеттік «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бағдарламасымен мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүргізуді қадағалауды ол басқарған бірнеше партиялық бақылау топтарымен бекеттер нәтижелі істер тындыруда.
Раева Күлжауһар өзінің ұзақ жылдардағы педагогикалық жұмысының нәтижесімен Қазақстан Республикасы білім беру үздігі белгісімен (1997), «Астана» медалімен (1998), Қызылорда облысының 70 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған. «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (2011ж), Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына белсене атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2011, 2015) «Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы» төсбелгісі (2015ж) марапатталды.
Қай қызметте де қабілет қарымы мол, ұйымдастыру ісінің шебері, Елбасы саясаты мен партиялық істердің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына жүйелі жұмыс жасай беретініне сенім мол.
Үсенов Алтай Үсенұлы 1954 жылы 14 желтоқсанда Қармақшы ауданы, Жосалы қыстағында дүниеге келдiм. Аудан орталығындағы №105 орта мектептi 1972 жылы бiтiрдiм. Сол жылы аудандық газетке (ол кезде «Коммунизм шамшырағы» деп аталатын) жұмысқа қабылданып, бiр жыл қызмет iстедiм. Келесi жылы Алматы қаласындағы Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық Университетiнiң журналистика факультетiне оқуға түсiп, журналист мамандығын алдым.Мектеп қабырғасынан бастап шығармашылық жұмыспен айналысамын. Жазған мақалаларым мен өлеңдерiм, дастандарым сол кезден берi аудандық, облыстық, республикалық баспасөз беттерiнде жарияланып келедi. Сексенiншi жылдар басында «Қарлығаш» (1980 жыл), «Тамшы дауысы» (1982 жыл) атты жинақтарым және «Бастау» (1976 жыл), «Дария жыры» (1982 жыл), «Жүректегi жауһарлар» (2001 жыл), тағы басқа топтамаларда өлеңдерiм жарық көрдi. 1980 жылы республикалық «Жiгер» фестивалiнiң лауреаты атандым.
Мен, Үсенов Алтай Үсенұлы 1954 жылы 14 желтоқсанда Қармақшы ауданы, Жосалы қыстағында дүниеге келдiм. Аудан орталығындағы №105 орта мектептi 1972 жылы бiтiрдiм. Сол жылы аудандық газетке (ол кезде «Коммунизм шамшырағы» деп аталатын) жұмысқа қабылданып, бiр жыл қызмет iстедiм. Келесi жылы Алматы қаласындағы Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық Университетiнiң журналистика факультетiне оқуға түсiп, журналист мамандығын алдым.
Аудандық газетте қызмет етiп келе жатқаныма қырық төрт жыл болды. 1990 жылдан берi аудандық «Қармақшы таңы» газетiнiң Бас редакторымын. «Қармақшы таңы» газетi «Президент Жолдауының талабы-бәсекеге қабiлеттi бұқаралық ақпарат құралдарын құру» атты II облыстық Медиа форумында «Аудан айнасы» номинациясымен ең үздiк аудандық басылым ретiнде танылған. Облыс әкiмiнiң 2008 жылғы стипендиантымын. Бiр мәрте аудандық Кеңеске, төрт мәрте аудандық Мәслихатқа депутат болып сайланғанмын. Халықаралық Жазушылар Одағының және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесiмiн.
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасымын. «Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихаттағы фракция жетекшісімін.
«Қызылорда облысына-70 жыл» мерекелiк, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен «Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы» медальдарымен марапатталғанмын.
Отбасылымын. Екi ұл, екi қыз тәрбиелеп өсiрiп отырмын. Жеті немерем бар.
Қадағалау кеңесінің хатшысы
Мұхтарбаева Жанат Әмзеқызы - байқау кеңесінің хатшысы