ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ТАРИХЫ.
Ауданның ежелгі тарихи бай, киелі жер. Өйткені онда кезінде бүкіл түркі халқының абызы саналатын Қорқыт ата өмір сүрді. Сондай-ақ “Cырлы там”, “Жеті асар ” тарихи ескерткіштері көп нәрседен сыр шертеді. 1906 жылы Орынбор-Ташкент темір жолы салынғанда оның шекарасы Жосалы қыстағы арқылы өтті. Аудан 1938 жылға дейін Байқоңыр, Жезқазған мыс кеніштерін қамтамасыз ететін, оның көліктік автожол іздері күні бүгінге дейін сақталған. Сол кездері ( 1939) аудандық аурухана небәрі 30 төсек орынға арналған. Оның 5 төсегі перзентхана есебінде ұсталды. Мекен-жайы 1903 жылы іргетасы қаланған үйге орналасты. Аурухананың бас дәрігері 1937 жылы медициналық институтті бітіріп келген ауданның алғашқы дәрігері Тәуен Құлахметұлы Құлмұратов болды. Аудандық денсаулық сақтау бөлімін фельдшер Павел Александрович Пальчиков басқарды. 1938 жылы “ІІІ Интернационал” ауылдық ауруханасы ашылды. 1950 жылдан бастап ауылдық ауруханалар салына бастады. “Ақжар” МТС-інде 5 орындық аурухана ашылды. Оны фельдшер Қуанбай Бертөлеев басқарды. Аурухананың төсек саны кейін 25-ке жетті. 1955 жылдан бері жұмыс істейтін аурухана фельдшері Сағилат Нысанбаев “Еңбек Қызыл Ту” орденін иеленіп, 1964 жылы аурухана меңгерушісіне тағайындалды. 1954 жылдың маусым айында “Қарақ” елді мекенінде медициналық пункт ашылып оған фельдшер София Ешмұратова меңгеруші болды. Сол жылдың желтоқсан айында бекет негізінде көшпелі ауылдық аурухана ұйымдастырылды. Оған Қасымхан Омаров меңгерушілікке тағайындалды. Аурухана жаз бен қыс айларында “Ерімбет” және “Жапақ” елді мекенінде орналасты. 1964 жылдың шілде айында “Жаңақала” совхозы құрылып аурухана соның орталығына көшірілді. Төсек саны 25-ке жетіп ауруханада терапевт Бекмағанбет Боданов бас дәрігерлік қызмет атқарды. Қазіргі таңда Байзақ Жәнібеков атқаруда. 1960 жылы “Ленин” совхозында 15 орындық учаскелік аурухана ашылып оған бас дәрігерлікке фельдшер Әлиасқар Омаров тағайындалды. Кейін аурухана төсек саны 35 төсекке ұлғайтылып онда Өтеген Қожанов, Темірхан Абдраманов, Жәкей Сақтағанов, Өмірбек Кенжеғұлов, қазіргі таңда Айгерім Асқарова атқаруда. 1986 жылы типтік жобамен салынған 125 төсектік аудандық аурухана және тәулігіне 200 адам қабылдауды қамтамасыз ететін емхана мекен-жайы пайдалануға берілді. Сол кезде 6 орындық ренимациялық, 20 төсектік гинекологиялық, 15 төсектік травматологиялық бөлімшелер ұйымдастырылды. 1963 жылы 10 төсектік балалар бөлімшесі ұйымдастырылып, әр кездері Клара Айекенова, Ұрхия Тұрмағамбетов басқарды.
1948 жылы ауданда туберкулез кабинеті ашылып, туберкулез кабинеті ашылып, жұмыс істей бастады. Оның меңгерушісі А.П. Белопогаева, аға медбикесі Валентина Ивановна Мухина болды. 1963 жылға дейін туберкулез сырқаттары аудандық аурухана құрамындағы алғашында 5,10 және 25 төсек-орындарда емделді. 1964 жылдың тамыз айында 50 төсектік туберкулезге қарсы диспансер ашылды. Оның бас дәрігеріне Анна Даниловна Тен тағайындалды. Сол кездерде фтизиатрлар Күләнда Бисембаева, Науат Мықтыбаева, Нұраш Оңайсынов, Жандияр Бодықов, Жалғасбай Бостанов, Михаил Бондаренко, Жанна Букенова, Роза Наметчаева, Зада Иманғалиева қызмет істеді.
1967 жылы ауруханада ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі ұйымдастырылды.Онда алғашында Батырова Амина Галиевна жұмыс жасаса,31 жыл «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» Әбдіров Сапабек Әлжанұлы жемісті еңбек етті.
Аудандық аурухананың төсек саны 1970 жылы 100 орынға жетті.Оның ішінде:перзентхана-10төсектік,балалар бөлімі-10 төсектік, жұқпалы аурулар бөлімі-10, туберкулез бөлімі-20, терапия бөлімі-20,хирургия бөлімі -20 және гинекология бөлімі-10 болды. 1971 жылы перзентхана жаңа мекен-жайға көшіріліп, оның төсек-саны-20-ға көбейді.
1986 жылы аудандық аурухана типтік жобамен салынған жаңа ғимаратқа қоныс аударды.Бұл кезең аудан ауруханасының өрлеу кезеңі болды. Аурухан жаңа медициналық құрал-саймандармен жабдықталды. Бөлімшелер саны артты. Жаңа бөлімшелер дүниеге келді (реанимациялық, қан дайындау)
2003-2014 жылдар аралығында Ө.Кенжеғұлов аудандық ауруханада бас дәрігер болып тағайындалды.
2005-2006 жж аудандық ауруханаға заманауи үлгіде кәріз,жылу жүйелерін орнатылды.
2007 жылы –Телемедицина кабинеті ашылып,республикалық, облыстық диагностикалық жұмыстары жүргізілді.
Жаңа рентген, узд, лабораторияға биохимиялық аппарат алынды, ішекке, гинекологиялық ауруларға ота жасау енгізілді.
Медицина қызметкерлерінің айлық көрсеткіші көтерілді.
Б.Нысанбаев 1990 жылы Қармақшы аудандық орталық ауруханасының хирургия бөліміне хирург мамандығы бойынша жұмысқа қабылданды. Хирург мамандығымен қатар қан дайындау бөлімінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасады. Осы жұмыс атқарған уақыттарында білікті маман екендігін көрсете біліп, 2001 жылы аудандық орталық ауруханаға бас дәрігер болып тағайындалды.
Бас дәрігер болған жылдары білікті ұйымдастырушы қабілеттілігін бағалай отырып, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2003 жылы Аудандық денсаулық сақтау бөліміне меңгерушілігіне тағайындалды.
2005 жылы бөлім жұмысы таратылып,клиникалық –диагностикалық емхананың бас дәрігерлігіне ауыстырылды.
Б.С.Нысанбаев бас дәрігерлік қызметте болғаннан бері аудан медицина өмірінде оң өзгерістер белең алды. Атап айтқанда, аудандық денсаулық сақтау материалдық техникалық базасын нығайтуда белсенділік таныта отырып, 2009 жылы Қорқыт, Диірментөбе, Қызылтам, 2012 жылы-Иіркөл, Алдашбай Ахун елді-мекендеріне типтік жобадағы медициналық пункттердің салынып, халық игілігіне пайдалануына ат салысты және де 2014 жылы -Қармақшы аудандық емхана ғимараты,Төретам ауылдық емханасы, Ақай, III-Интернационал дәрігерлік амбулаториясы жаңадан ғимараты салынып, дәрігерлік көмектің сапалығын арттыруға септігін тигізді.
2014 жылы-аудандық аурухана күрделі жөндеуден өткізіліп,есік-терезелері жаңартылды.
2019 жылы –«Шипагер» емханасы(жолдың арғы бетінде орналасқан)
2020 жылы-Көмекбаев дәрігерлік амбулаториясында ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Сонымен қатар, жаңадан лопороскопия, рентген, Узд, операциялық столдар,лабораториялық аппараттар,гинекологиялық кресло, Ктг, Дэк, стоматологиялық кресло, аппараттар жаңартылды.
Соңғы заманауи үлгіде компьютерлер,желдеткіштер,мұздатқыштар алынды.
2016-2019 жж аралығында Ж.Құдайбергенов Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық ауруханаға бас дәрігер болып тағайындалды.
2018 жылы –Төребай би елді-мекеніне фельдшерлік пункт салынды.
2019 жылы-Кезек күттірмейтін жедел-жәрдем бөлімшесін ашты.
2019 жылдың ақпан айынан бастап Қармақшы аудандық аурухана бас дәрігері осы уақытқа дейін атқарып келеді.
2019 жылы- Оңалту бөлімшесін ашты.
2019 жылдың тамыз айында бас дәрігер Б.С.Нысанбаев Португалия шет мемлекетінде біліктілік жетілдірді
2020 жылы- Ақтөбе ауылына дәрігерлік амбулаториясы жаңадан салынды.
Қазіргі таңда Қармақшы аудандық ауруханасы 2021 жылы аудан халқына стационарлық көмек көрсетуді 115 орындық және 40 төсек орын күндізгі бөлімде,Көмекбаев ауылында 7 төсек орны,терапия бөлімшесінде-20 төсектік,хирургия бөлімшесінде-20 төсектік,гинекология бөлімшесінде-10 төсектік,балалар бөлімшесінде-13 төсектік, перзентхана бөлімшеснде-15 төсектік,оның ішінде 5 патологиялық және 10 орындық босану бөлімшесі,қайта қалпына келтіру-10 төсектік,жұқпалы аурулар бөлімшесінде-20 төсектік орындар жұмыс жасауда.
Бүгінгі таңда Қармақшы аудандық ауруханасында 76 дәрігерлер, 385 орта буын медицина қызметкерлері, 109 кіші аяжан, 151 жұмысшы қызмет етеді.