Created: 23 Қараша 2021
1421

Жас ана мектебіне шақырамыз!

Маңызды және қызықты сабақтардан Сіздер :

  • Организмде жүктілік кезінде болатын өзгерістер;
  • Психологиялық тұрғыдан жүктілік, босану, босанудан кейінгі кезеңнен қалай жеңіл өту;
  • Босану кезінде дәрі-дәрмексіз ауырсынуды басатын әдістер;
  • Күйеуіңіз, анаңыз немесе басқа адам жаныңызда болып Сізге қандай көмек бере алатындығы;
  • Жаңа туған баланы күту;
  • Перзентханаға өзіңізбен қандай заттарды ала бару қажеттігі туралы білетін боласыз;
  • Босану кезіндегі әрекеттер мен дұрыс тыныс алуды үйренесіз.




«Жас аналар мектебінде» өткізілетін сабақ кестесі.

1-ші сабақ –Жүктілік және оның өтуі. Жүкті әйел гигиенасы. Тамақтану гигиенасы. Еңбек және дем алу режимі. Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас.
Өткізілетін орны: әйелдер консультациясының мәжіліс залы
Өткізілетін уақыты: айдың бірінші аптасы, сағат 11-00-де және 14-00-де

2-ші сабақ: Жүкті әйел психологиясы. Сәтті босануға дайындық.
Өткізілетін орны: әйелдер консультациясының мәжіліс залы
Өткізілетін уақыты: айдың екінші аптасы, сағат 12-00-де

3-ші сабақ : Тақырыбы: Босанудың физиологиялық ерекшеліктері. Босану нышандары. Босану кезеңдері және оның ұзақтығы. Босану кезінде партнердің қатысуы
Өткізілетін орны: әйелдер консультациясының мәжіліс залы
Өткізілетін уақыты: айдың үшінші аптасы, сағат 11-00-де және 14-00-де

4-ші сабақ : Сәби күтімі. Бала емізу принциптері.
Өткізілетін орны: әйелдер консультациясының мәжіліс залы
Өткізілетін уақыты: айдың төртінші сәрсенбісі, сағат 11-00-де

5-ші сабақ: Босанудан кейінгі кезең. Босанудан кейінгі контрацепция.
Өткізілетін орны: әйелдер консультациясының мәжіліс залы
Өткізілетін уақыты: айдың төртінші аптасы, сағат 11-00-де және 14-00-де