Created: 23 Қараша 2021
1417

Акушерлік-гинекологиялық бөлім

қан талдауы, несеп талдауы, қан тобын және резус-факторын анықтау, сүртінді бактериоскопиясы.

Қан үлгілерін алу кабинеті
Кабинетте түрлі зерттеу түрлеріне көктамырдан қан алынады:

  • Вассерман реакциясына қан,
  • HBsAg (гепатит В),
  • Емделушінің ақпараттандырылған келісімімен адамның имун тапшылығы вирусы (АИТВ),
  • Ұрықтың туа біткен аномалиясы мен хромосомдық ауруларды айқындау үшін сарысу генетикалық маркерге қанды зерттеу
  • қанның биохимиялық талдауы
  • резус-антиденелерге зерттеу

УДЗ кабинеті
Кабинетте келесі ультрадыбыстық зерттеулер өткізіледі:

  • ұрықтың туа біткен аномалиясы мен хромосомдық патологияны анықтау үшін ультрадыбыстық скрининг
  • гинекологиялық науқастарға УДЗ

Күндізгі стационар:
ТМККК аясында жүкті әйелдер мен гинекологиялық науқастарға стационаралмастыратын көмек көрсетеді.

  • Тәуліктік бақылауды қажет етпейтін асқынған жүктілік пен жүкті әйелдерге көмек.
  • Созылмалы гинекологиялық ауруларының асқынуын емдеу.

Жатыр мойны патологиясы кабинеті.
Жатыр мойны патологиясы кабинетінде жатыр мойынының астарлас және обыр алды ауруларын емдеу және диагностикалау жұмыстары өткізіледі:

  • Жатыр мойнының бейнекольпоскопиясы
  • Жатыр мойны ауруын радиотолқынмен емдеу
  • Жатыр мойнын диатермокоагуляциялау

Физиотерапиялық кабинет:
Әйелдердің жыныс органдарының ауруларын кешендік емдеу құрамында физиотерапиялық емшара жүргізеді.

Стоматология кабинеті:
жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге ТМККК аясында стоматологиялық көмек көрсетеді.

Әйелдер консультациясында терапевт дәрігер жүктіліктің 30 апта мерзіміндегі және медициналық көрсеткіштер бойынша «Д» есебіне алынған жүкті әйелдерді қабылдайды.

Маммолог дәрігер:
Акушер-гинеколог дәрігерлердің жолдамасы бойынша сүт безі ауруы бар әйелдерді қабылдайды.

Акушер-гинеколог жүкті әйелдерге:

  • Еңбек заңнамасы мен дәрігерлік қорытындыға сәйкес 084/е нысаны бойынша жүкті әйелді басқа жұмысқа ауыстыру, жеңіл және кәсіби зиянды жұмыспен байланысты емес жұмысқа ауыстыру туралы анықтама береді.
  • Студент, колледж, кәсіби-техникалық училище оқушыларына науқастану, карантин және басқа себептер туралы анықтама (№ 095/е нысанды);
  • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы;
  • Ауыр босанған әйелдерге босанудан кейінгі қосымша демалыс беріледі