Ш.Уәлиханов Атындағы Орта Мектеп те, 9-11 сынып оқушыларына Қармақшы Аудандық Білім Бөлімі ұйымдастырған мобильді топ мүшелері құқықбұзушылықтың алдын алу және балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында бірлескен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: құқық қорғау органдарының өкілдері мен мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ата - аналар комитетінің төрайымдары, әкелер кеңесі өкілдерінің қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау бағытында әдістемелік көмек беру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Жиынға Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері - Тоқшылықова Ақтолқын Каналбекқызы, аудандық прокурордың орынбасары Мұратов Әнуар, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны - Қасымова Айнұр, Қармақшы Жастар Денсаулығы Орталығы орталығының психологы - Кетебаева Әмина және учаскелік инспектор, мектеп тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психологтары,сынып жетекшілері, ата-ана комитетінің мүшесі қатысып, өз салалары бойынша пайдалы кеңестер, ақпараттандырулар айтып, баяндамалар жасады.
Ата-аналар комитетінің төрағасы Әбен ағай балаларға әкелік ақылын айтып, келген мамандарға алғысын білдірді. Оқушылармен кері байланыс орнап, АТМдар таратылды.
https://karmakshy-crb.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/313-9-11-synyp-o-ushylaryna-y#sigFreeIdda8a755660