Created: 23 Қараша 2021
404

Аудан орталығындағы "Рүстем сауда үйінде" келуші тұрғындармен түсіндіру жүмыстары жүргізілді

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған онкүндік науқан аясында "Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау." тақырыбында аудан орталығындағы "Рүстем сауда үйінде" келуші тұрғындармен түсіндіру жүмыстары жүргізілді. Акцияда жалпы ҚР-ның, облыстың індеттік ахуалы жөнінде айтылып, АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, одан сақтану шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Тұрғындар арасында ЖИТС-тан сақтануды түсіндіру,оларды салауатты өмір салтына бағыттау,зиянды әдеттерден сақтандыру - басты мақсатымыз. Қазір "ғасыр дертіне" тағы "COVID-19" індеті қосылып отырғаны мәлім.

 

Жұкпалы дерттен сақтанудың қарапайым алғышарттарының бірі- қолды дұрыс жуу ережелерін білу, бетперде кию, екпе алу, репродуктивті денсаулық жөніндегі сауаттылықты арттыру, өз өміріңе жауаптылықпен қарау туралы насихатталды.