Created: 21 Қазан 2019
697

БАҚ-да таралған ӘМСҚ-на жарналар 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап аударылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Бұқаралық ақпарат құралдарында таралған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі - ӘМСҚ) жарналар 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап аударылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Мыналар, Мемлекет басшысының 2016 жылғы 22 желтоқсанда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес, қарастырылады:
 

- Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын  жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, жеке тұлғалар ӘМСҚ-ға төлейтін жарналарын 2017 жылғы 1 шілдеден бастап аударады;

-  халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына мемлекеттен төленетін жарналар 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап аударылады;

Көрсетілген медициналық көмек үшін берілетін төлемдер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) жүйесінде ӘМСҚ-дан 2018 жылғы 1 қаңтардан төленеді. Яғни, ҚР азаматтары мен оралмандардың медициналық көмек алу құқықтары МӘМС жүйесінде 2018 жылғы 1 қаңтардан басталады. 

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 16 қарашада Мемлекет басшысымен қол қойылған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, жалдамалы қызметкерлер ӘМСҚ-ға төлейтін жарналарын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап аударады.