Created: 12 Маусым 2023
236

Жария талкылау

«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қармақшы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы

19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының Қармақшы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау жасалатындығын хабарлайды.

Жария талқылау Жосалы кенті,Қ.Жолдыбаев № 8 үй мекенжайда орналасқан ШЖҚ КМК Қармақшы аудандық ауруханасы» 30.06.2023 ж. сағат 15:00 де болатындығы жеткізіледі.

Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.