Бүгін Ақордада Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханидың Қазақстанға сапары барысында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова мен Иран Сыртқы істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Иран Ислам Республикасы еңбек кооперациясы мен әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі арасындағы еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы Өзара түсіністік меморандумына қол қойды.
Меморандум ұлттық заңнаманы реформалау, еңбек жағдайларын жақсарту мен техникалық қауіпсіздіктің жаңа жетістіктері, сонымен бірге, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б. салаларындағы ақпарат пен тәжірибе алмасу мәселелерін қарастырады.