Created: 12 Сәуiр 2017
4453

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында балалар арасында сальмонеллезбен сырқаттанушылық деңгейі 7 еседен аса төмендеді

Соңғы 25 жылда Қазақстанда балалар арасында сальмонеллезбен сырқаттанушылық деңгейі 7,5 есеге төмендеді. Сонымен, 1991 жылы ересектер арасында 8827 жағдай, соның ішінде балалар арасында - 3668 жағдай, ал 2015 жылы 1361 жағдай (балалар арасында 488 жағдай) тіркелген.

Сальмонеллез – Salmonella бактериясымен шақырылатын, температураның көтерілуімен, іш бөлігіндегі қатты ауру сезімнің болуымен, құсумен және іш өтумен сипатталатын  жедел жұқпалы ауру. Алғашқы белгілері жұқтырғаннан кейін  6-72 сағаттан соң (әдетте 12-36 сағаттан кейін) пайда болады және сырқат 3-тен 8 тәулікке дейін созылады.

Көп жағдайда сальмонеллезбен сырқаттанушылық жеңіл түрде өтеді, пациенттер арнайы емсіз айығып кетеді. Алайда аурудың салдарынан болған сусыздану жас балалар мен қарттардың өміріне үлкен қауіп тудыруы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген бағасы бойынша, әлемде жыл сайын  адамдар арасында сырқаттанушылықтың 10 миллиондаған жағдайы тіркеледі, ал аурудың 100 мыңнан аса жағдайы өліммен аяқталады.

 Адамдар сальмонеллезді көбіне жануарлардан алынатын өнімдерді (жұмыртқа, ет, сүт және т.б.) пайдаланғанда жұқтырады, алайда инфекция жұғуына басқа да өнімдердің, нәжіспен ластанған жасыл жемістердің қатысы болуы мүмкін. Сонымен қатар адамдардың сырқаттанушылығы үй жануарларын қосқанда, инфицирлеген жануарлармен қарым-қатынас нәтижесінде болады. Жеке жағдайларда жұғу көзі  ауру адам болуы мүмкін.

Сальмонеллездің алдын алуы, жануарларды союдан тушаларды өңдеуге дейінгі және коммерциялық орындарда, үйде тамақ өнімдерін дайындау кезіндегі тамақтану тізбегінің барлық буындарында бақылау шараларын қабылдауды қажет етеді. Қолды, әсіресе үй жануарларымен  немесе ауыл шарушылығындағы жануарлармен қарым-қатынаста болғанда, сонымен қатар әжетханада болғаннан кейін, мұқият жуу керек. Жеміс-жидектерді әсіресе шикі түрінде пайдаланар алдында мұқият жуу.